Төрехан Сабырхан кәсіпқой боксқа өтті

Қазақстан құрамасының боксшылары - ағайынды Махмұт пен Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокста күштерін сынап көрмек, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының боксшылары - ағайынды Махмұт пен Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокста күштерін сынап көрмек, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл екеуінің де кәсіпқойдағы бірінші жекпе-жектері болады.
Ағайындылар 5 сәуір Астанада өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Қарсыластар әзірге белгісіз.
Еске салайық, бұл кештің басты айқасында орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) кездеседі.
18 жастағы Төрехан жуырда кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Странджа кубогі-2025 чемпионы болды. Ол Странджа кубогіндегі үздік бкосшы атанды, ал мұндай атақты бұрын-соңды ешбір қазақстандық боксшы алмаған.
Жарнама