Қазақстан құрамасындағы болашағынан үлкен үміт бар боксшы Төрехан Сабырхан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Thailand Open турнирінде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші раундта нокдаунға түсірі70 келіге дейінгі салмақта өткен 1/4 финалда қазақстандық боксшы филиппиндік кіші Рональд Чавеспен жұдырықтасты және төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Екінші раундта қазақ бкосшы қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша, Сабырхан турнирдің жартылай финалына өтіп отыр және кем дегенде қола жүлдеге жетті.
Тарихқа кірген боксшыТөрехан Сабырхан жасөспірімдер мен жастар арасында төрт мәрте Азия чемпионы атанған алғашқы боксшы ретінде тарихқа енді, сондай-ақ, ол жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.
Наурыз айында ол 67 келі салмақ дәрежесінде 2025 жылғы "Странджа" кубогінің алтынын жеңіп алды, сонымен қатар, осы турнирдің үздік боксшысы атанды, бұл атаққа бұрын-соңды ешқандай қазақстандық ие болмаған.
Сәуір айында Торехан кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, чехиялық боксшы Иржи Хаукені үшінші раундта нокаутпен жеңді. Сол бокс кешінде оның ағасы Махмұт Сабырхан да кәсіпқой бокста дебют жасады, Махмұт Қазақстанда өтетін Әлем кубогіне қатысатын құрама сапында.
Махмұт Сабырханды жұдырықтасу стилі украиналық Василий Ломаченкомен ұқсас болғаны үшін "Қазақтың Ломаченкосы" деп те атайды. Махмұт 2023 және 2021 жылдары әлем чемпионаттарында алтын және күміс алған, сондай-ақ, 2022 жылы Азия чемпионатында екінші болды.