2025 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық Төрехан Сабырхан Испанияда өтіп жатқан Boxam Elite–2026 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы канадалық Майом Коуч болды. Жекпе-жек үш раундқа созылып, есеп 3:2, 5:0, 4:1 болды. Үш раундта Төреханның пайдасына шешілді. Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға өтіп, турнирдің қола жүлдесін кепілді түрде иеленіп отыр.
Еске салайық, бұған дейін Төрехан 1/8 финалда Кабо-Верде боксшысы Айлтон Монтейроны жеңген болатын.