Бокс
Бүгін 10:41

Төрехан Сабырхан Азиада финалында ескі жеңіліс үшін есесін қайтарды

©Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Бүгін, 2 қазанда Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақтағы шешуші жекпе-жекте қазақстандық боксшы иорданиялық Зияд Ишаишпен жұдырықтасты. 

Алғашқы екі раундта Төрехан Сабырхан төрешілердің ортақ шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. Үшінші раунд та оның пайдасына шешіліп, төрешілердің есебі 4:1 болды. Жалпы есеп бойынша Төрехан Сабырхан жеңіске жетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Осылайша, Төрехан сәуір айында Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатының финалында кеткен есесін қайтарды. Қазақстандық бкосшы ол кезде де финалда Зияд Ишаишпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген еді. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан атынан Айбек Оралбай да рингке шығады. 90 келіден жоғары салмақтағы жекпе-жекте оның қарсыласы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокиров болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport