Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақта оның қарсыласы франциялық боксшы Макан Траоре болды. Бірінші раунд 3:2 есебімен Сабырханның пайдасына аяқталды. Екінші үш минуттық кезеңде қазақстандық боксшы төрешілерден жоғары баға алды — 5:0. Үшінші раундта Төрехан шабуыл қарқынын төмендетпей, таза жеңіске жетті.
Осылайша, Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алып, кемі әлем чемпиоантыынң қола жүлдесіне жетіп отыр.
Бұған дейін осындай нәтижеге Наталья Богданова, Виктория Графеева, Елдана Тәліпова және Төреханның ағасы - Махмұт Сабырхан жеткен болатын.