Жарнама

Бокс
Бүгін 09:28
 

Төрехан мен ағайынды Оралбайлар. Қазақстан құрамасынан АЧ алтыны үшін кім айқасады?

  Пікірлер

blog.share

Төрехан мен ағайынды Оралбайлар. Қазақстан құрамасынан АЧ алтыны үшін кім айқасады? ©

Қазақстан боксшылары Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан боксшылары Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешуші жекпе-жектерде ел намысын сегіз спортшы қорғайды. Әйелдер арасында финалға Бакыт Сейдіш (70 кг), Надежда Рябец (80 кг) және Дина Исламбекова (+80 кг) шықты.

Ал ерлерден Оразбек Асылқұлов (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг) алтынға таласады.

Сейдіш, Рябец және Исламбекованың жекпе-жектері 9 сәуір күні өтсе, ерлер арасындағы финалдық айқастар келесі күні ұйымдастырылады.

Айта кетейік, қола жүлде иегерлері қатарында Айгерім Сәттібаева (48 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Махмұт Сабырхан (55 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг) және Сағындық Тоғамбай (90 кг) бар.

Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр және 10 сәуірде аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!