Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жеңімпаз атанып, құрамамыздың Азиадада ала алмай келген 12 жылдық сәтсіздікке нүкте қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Құрлықтық додададағы 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, иорданиялық Зияд Ишаишты төрешілер шешімімен жеңді.
Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған еді. Сол додада Кореяда Қазақстан құрамасы алты алтын жеңіп алды.
Атап айтқанда, Ильяс Сүлейменов (52 келіге дейін), Данияр Елеусінов (69 келіге дейін), Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейін), Әділбек Ниязымбетов (81 келіге дейін), Антон Пинчук (91 келіге дейін) және Иван Дычко (91 келіден жоғары) Азия ойындарының чемпионы атанды.
2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын ала алмады.
Айта кетейік, бүгін, 2 қазанда Қазақстан атынан Айбек Оралбай рингке шығады. 90 келіден жоғары салмақтағы финалда оның қарсыласы Өзбекстан боксшысы Жахонгир Зокиров болады.
Қазір Қазақстан құрамасының Жапониядағы Азия ойындарында 66 медалі бар. Оның ішінде 10 алтын, 19 күміс және 37 қола жүлде бар.