Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол Кабо-Верде боксшысы Айлтон Монтейромен кездескен болатын.
Жекпе-жек қазақстандық спортшының айқын басымдығымен өтіп, төрешілердің ортақ шешімімен Төрехан жеңіске жетті - 5:0.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Сымбат Әлиасқар (54 кг), Шахназ Исаева (57 кг), Аяжан Ермек (60 кг) және Әсем Таңатар (65 кг) жарыстан шығып қалды. Бұрымдылар арасында тек Назерке Серік (65 кг) өз қарсыласынан басым түсе алды. Ал ерлер құрамасынан Испаниядағы өнерін Дәулет Молдашев (60 кг) пен Санатәлі Төлтаев (65 кг) аяқтады. Ерлерден біорінші болып жеңіске жеткен Нұрбек Мұрсал (70 кг) қарслыасын нокаутқа түсіріп, ширек финалға өтті.
Еске салайық, Boxam Elite турнирі 3–8 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы жарысқа ерлер және әйелдер санатында да қатысып жатыр. Ерлер арасында 10 салмақ дәрежесінде 18 қазақстандық боксшы өнер көрсетсе, әйелдер арасында 9 салмақ дәрежесінде 14 спортшы бақ сынауда.
Жарнама