Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Қарағандыда өткен ел біріншілігінде таңдандырған боксшыларды атады.
Сонымен қатар, маман Даниял Сәбит, Тимур Қабдешов, Ақтілек Орынбасар, Шыңғыс Мусинов, Талғат Сарымбетовті де атап өтті."Біз Қазақстан чемпионатын құрлықтық біріншіліктен кейін бірден Қарағандыда өткіздік. Оған құрлықтық жарыста көзге түскен спортшылар қатысқан жоқ. Яғни, біз басқа боксшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік, бұл өз нәтижесін берді.
Көптеген жас жігітті назарға алдық. Басқаша айтқанда, жаңа есімдер анықталды. Мысалы, 48 келі салмақ дәрежесінде 2005 жылғы Нұрзат Оңғаров жақсы өнер көрсетті. Финалға дейін жетіп, онда тәжірибелі Теміртас Жүсіповке жол берді. Жүсіпов ел чемпионатын мансабында сегізінші рет жеңіп алды", - дейді Сәтжанов.
Ал Сабырхан Төрехан өнерімен таңғалдырмады дейді бапкер."Ұзақ үзілістен кейін Санатәлі Төлтаев жоғары деңгейде оралды. Өкінішке қарай, финал алдында ауырып, шаршы алаңға шыға алмады. Барлығы бұл финалды күткен еді, онда Төлтаев алтын үшін Төрехан Сабырханмен қолғап түйістіруі тиіс еді. Сондай-ақ, алматылық жас боксшы Алмат Әбдуәлі де өз өнерімен ерекше есте қалды. Ол әлеуеті жоғары, мықты жігіт.
Тамаша бокс үлгісін көрсеткендер қатарында Фарух Тоқтасынов пен Аман Қонысбеков болды. Сабыржан Аққалықов барлық жекпе-жегінде жоғары деңгейлі шеберлігін паш етті. Өте техникалы боксшы. Дәулет Төлемісов 80 келіге дейінгі салмақта екінші орын алды, бірақ өзін жақсы қырынан көрсете білді. Финалда жас спортшыға аздаған тәжірибе жетіспеді. Тағы кімдерді атап өтсек болады? Нұрлан және Даниал Сапарбай бауырлары, Темірлан Мұқатаев, Ертуған Зейнуллинов", - дейді бас бапкер.
"Әрине, Төрехан Сабырханды да айрықша атап өтуіміз қажет. Бірақ ол бізді таң қалдырған жоқ. Себебі біз ол жігіттен осындай тамаша нәтиже күткен едік. Ол өз жекпе-жектерін өте әдемі өткізді және "Қазақстан чемпионатының үздік боксшысы" атағын иеленді.
Жалпы, бізде жақсы қосалқы құрам бар. Жігіттер жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Сондықтан біз әрі қарай жұмыс істей береміз", - деп аяқтады сөзін маман.