Бокс
5 сәуір 20:02
 
131

Төрехан Астанадағы нокауттан кейін кәсіпқойға толық өтетін уақытты айтты

  Пікірлер

blog.share

Төрехан Астанадағы нокауттан кейін кәсіпқойға толық өтетін уақытты айтты ©instagram/boxingkazakhstan

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан бокс кешінде алғашқы кәсіпқой айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан бокс кешінде алғашқы кәсіпқой айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

Төреханның қарсыласы чехиялық Йиржи Хауке (4-7, 2 КО) болды. Алты раундтық жекпе-жек үшіншісінде нокаутпен бітті. Төрехан қарсыласын бауырдан соққымен отырғызды. 

Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы журналистер сұрағына жауап берді. 

"Қазақ еліне рахмет айтамын. Бүгін анамның туған күні. Бұл жеңісті анама арнаймын. Дебют ойдағыдай өтті. Жекпе-жекке қойған тактиканы толық орындап шықтым. 

Кәсіпқойға толық ауысқан жоқпын, алда Олимпиада мен әлем чемпионатының алтынын алып келген соң, кәсіпқойға ауысамын. 

Шоу жасаймын деп шықтым, бұл бокс - төбелес емес, өнер, халықтың көңіл-күйін көтеру керек", - дейді Төрехан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!