Top Rank тарихына кірген проспект қарсыласын еш мүмкіндік бермей жеңді

Сурет: AllBoxing.ru
Жеңіл салмақтағы америкалық проспект Габриэль Флорес (18-0, 6 КО) Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырған никарагуалық бокс кешінде Хосе Руисті (31-3-3, 14 КО) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы MGM Grand кешеніндегі The Bubble аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Екінші раундта Флорес қарсыласын нокдаунға түсірді, алайда, Руис қайта көтеріліп, толық он раунд жұдырықтасты. 

Флорес 100-89 есебімен жеңіске жеткен. Бұл америкалықтың 25 жастағы қарсыласынан барлық раундта басым болғанын көрсетеді. 



20 жастағы Флорес Top Rank тарихына ең жас боксшы ретінде кірген - ол компаниямен келісімшартқа 16 жасында қол қойған екен.
Жаңалықтар