Top Rank президенті Тодд Дюбоф 33 жастағы Тайсон Фьюридің қатысуымен үш жекпе-жек кешін ұйымдастырғысы келетіндігін мәлімдеді.
"Фьюридің Джошуға, Усик пен Уайтқа қарсы айқастарын тамашалағым келеді. Бұл көптеген бокс сүйер қауымның көкейінде жүрген ойы. Сондықтан алдағы уақытта Тайсонның қатысуымен үш негізгі қарсыласымен айқастар өткізуге күш саламын, - дейді Дюборф Sky Sports арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, ұлыбританиялық былғары қолғап шебері соңғы рет биылғы жылдың қазан айында америкалық Деонтей Уайлдермен кездесіп, 11 раундта Фьюри нокаутпен жеңіске жеткен еді.