Top Rank Жәнібектің титулды айқасы алдында мәлімдеме жасады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 KO) жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласында Жәнібек IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 KO) жұдырықтасады. 

"Техаста екі титул сарапқа салынады. Жәнібек - Гуальтьери жекпе-жегінің уақыты келіп қалды", - деп жазылған Instagram желісіндегі постта. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport