Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшының келесі айқасы алдында кейінгі нокаутын еске түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Былтыр қазанда Лас-Вегастағы бокс кешінде өткен жекпе-жектің екінші раундында Жәнібек аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалған еді.
"Орта салмақтағы жұлдызы жанып келе жатқан үміткер Жәнібек Әлімханұлын соңғы көргенімізде, ұмтылмастай оқиға болған", - деп жазыпты Top Rank "Твиттер" желісінде.
Жәнібек келесі айқасын 26-маусым Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы WBA тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО) болады. Жекпе-жекті Қазақстанда тікелей көрсетеді.