Бокс
19 тамыз 11:27
 

Top Rank Әлімханұлының үш титул үшін айқасына қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Top Rank Әлімханұлының үш титул үшін айқасына қатысты мәлімдеме жасады ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібек қарашада титулдық жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Жақында ғана 32 жастағы боксшы келесі айқасының мерзімін айтып, қараша айында WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) белбеулер біріктіретін кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Алайда қарсылас тарапынан әлі күнге дейін нақты жауап болмады. Осы себепті промоутерлік компания іске араласып, Әлімханұлының шақыруын қайталады:

"Адамес, қайдасың?" (Жәнібек Әлімханұлының сөзі) "Жәнібек үшінші белбеуді қалайды", – деп жазды Top Rank. 

Әлімханұлына өзге қазақ боксшы қарсылас бола ма?

Айта кетейік, Карлос Адамеске міндетті қарсылас ретінде басқа бір қазақстандық – WBC рейтингінің бірінші нөмірінде тұрған Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) тіркелген. Алайда доминикандық бұл жекпе-жек туралы да ешқандай пікір білдірген жоқ.

Чемпиондар 2025 жылы белбеулерін қорғап үлгерді

Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі рет рингке сәуір айында шықты. Бұл жекпе-жекте ол алғаш рет Қазақстанда екі әлем чемпиондық белбеуін қорғады. Астана қаласында өткен кездесуде оның қарсыласы - франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-1, 9 KO) болды. Жәнібек қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Ал Карлос Адамес өз белбеуін 22 ақпанда британиялық Хамза Ширазға (21-0-1, 17 KO) қарсы өткізген кездесуде қорғады. Жекпе-жек тең нәтижемен аяқталып, доминиканалық боксшы чемпиондық атағын сақтап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!