Топ-30 тізімдегі қарсылас. Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі белгіленді

Сурет: Eye of the Tiger Management©

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық проспект Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) 16 шілде Канадада жекпе-жекке шығады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады. 

Дегенмен бокс кеші нақты қай қалада өтетіні әлі белгісіз. Қазіргі кезде Квебек немесе Монреаль қалалары арасында таңдау тұр. Ал қазақстандық боксшы Канадада жаттығу лагерін бастап кетті. Сонымен қоса, Садриддиннің қарсыласы рейтингтің топ-30 тізіміндегі боксшы болады деген ақпарат бар. 

Жеңіліп көрмеген Ахмедов кәсіпқой карьерасын 2018 жылы бастаған, содан бері ол 12 жекпе-жек өткізді. Кейінгі кездесуінде қазақ боксшы 29 қаңтар Мексикада нидерландтық Стивен Даньоны (17-4-3, 6 КО) жеңіп, WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін жеңіп алды. Осы жетістік арқасында ол WBA рейтингінің топ-15 тізіміне кірді. 

Наурызда Ахмедов Eye Of The Tiger Managment промоутерлік компаниясымен келісімшартын ұзартты. 

Жаңалықтар