bhSl3IJISZrhy1acsttS6JrwHG7umdC28f2wMWZd
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Том Леффлер Головкин карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Том Леффлер Головкин карьерасын қашан аяқтайтынын айтты
© gggboxing.com
Ұзақ жылдар қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ісін жүргізіп келе жатқан промоутер Том Леффлер BoxingScene басылымына берген сұхбатында қазақстандықтың бокстан кетуіне не себеп бола алатынын айтты. 

35 жастағы қазақстандық соңғы рет 15 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңілген. 

Осылайша, Головкин WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды.  Қарымтадан кейін екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеген еді. ал GGG командасы мексикалықпен қарымта биылға соңғы жекпе-жек екенін айтып отыр. Қазақстандық рингке тек келесі жылы көктемде оралады.  

Головкин 2010 жылдан бері WBA рейтингіне алғаш кірді

"Басынан-ақ ешқандай уақыт шектеуі болған жоқ. Геннадий спорттан айналысуға зауқы соқпай, қызығы жоғалғанда ғана кететін боксшы. Талқылайтын әңгіме оның жасы емес, Альвареспен жекпе-жектегі төрешілердің әділсіздігі. Өйткені ол екі рет те жеңген. Төрешілердің жазғаны рингте болып жатқанды үнемі анық жеткізе бермейді және жалпылы қабылдауға сәйкеспей қалады. Бірақ бұл бөлек әңгіме. Әзірге Геннадий көңіл көтеріп, жақсы жекпе-жектерге шақырулар барын байқап жүр, ал оның танымалдығы бұрынғыдан жоғары. Жанкүйерлер оның қарымтада жеңді деп біледі және ол чемпион болып қалу керек деп есептейді. Біз Беверли Хиллстағғы демеушілердің біріне келген едік, сурет пен қолтаңба сұраған табынушылары қоршап алғандықтан, көшенің арғы бетіне өте алмадық. Жалпы Алвареспен қарымтадан кейін ол әйгілі бола түсті", - дейді Леффлер. 

Сонымен бірге, Головкин "Канеломен" жұдырықтасуды сұрап, WBC арқылы бұған қалайда қол жеткізбек екені хабарланды. 

WBC Головкинді жеңген "Канело" Альвареске чемпиондығын өз еркінше қорғауға рұқсат етті
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар