Төлтаев АЧ қоласын місе тұтты

©olympic.kz

Саматәлі Төлтаев бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

60 келіге дейінгілер арасында сынға түскен Саматәлі жартылай финалда иорданиялық Абу Джаджехпен қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен жарыс қожайыны жеңіске жетті. Ал жерлесіміз үшінші орынды иеленіп отыр.

Осылайша, құрама қоржынына алтыншы қола түсіп отыр. Бұның алдында Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) үшінші орыннан көрінген еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport