Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 KO) 59 жасқа дейін жекпе-жек өткізетінін айтты, деп жазады Fightnews.info порталы.
Тайсонның айтуынша, ол күндердің бір күні жеңіледі. Алайда боксшыны бұл жағдай қатты алаңдатпайды.
"Тоқтай алар емеспін. Мен Роберто Дюран секілді 59 жасыма дейін жұдырықтасамын. Бокстан басқа ештеңені білмеймін. Иә, бір күні жеңілетінім анық. Бірақ маған ол қатты маңызды емес.
Мен Рокки Марчиано сияқты ауыр салмақта еш жеңілмесем, жігерленемін деп ойладым. Дегенмен бұл қате ой екен. Себебі бәрі жеңіледі. Өйтені мықтылар тоқтамайды", - деді Фьюри.
Айта кетейік, Фьюри өзінің келесі кездесуін 3 желтоқсан күні Лондон қаласында отандасы Дерек Чисороға (33-12, 23 KO) қарсы өткізеді.