"Тоқтамаймыз мұнымен!". Санжар Тәшкенбай Ташкенттегі жекпе-жегі туралы

©instagram.com/tashkenbay_sanzhar/

Санжар Тәшкенбай Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы ширек финалдық айқастан кейін пікір білдірді. 1/2 финалға жолдама үшін жекпе-жекте ол жапониялық Казумо Аратакені жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ассалаумағалейкум! Бүгін ойдағыдай жартылай финалға шықтық, жеңіске жеттік. Бұл қарсыласпен екінші рет кездесіп тұрмын. Бапкерімізбен тактика құрып, Аллаға шүкір ол орындалды. Қолдауларыңызға рахмет, оны сезініп жатырмын! Бұйырса тоқтамаймыз мұнымен, бірінші орын алып келу керек!", - дейді Санжар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар