Бокс
Бүгін 22:28

Тоқпен ұрғандай. Қазақстан чемпионатында сұмдық нокаут болды

©World Boxing

Алматы облысының боксшысы Сұлтанбек Айбарұлы Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында нкоаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ол Астана қаласының боксшысы Тимур Нұрсейітовпен кездесті. Алғашқы екі раундтың қорытындысы бойынша есеп тең болды - 1:1. Алайда шешуші үшінші раундта Айбарұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға жолдама алды.

Осылайша, Айбарұлы 6 қарашада алтын үшін жұдырықтасады. Ал Нұрсейітов турнирдің қола жүлдегері атанды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport