Тоқаев Ташкенттегі жетістіктен кейін боксшыларға үн қатты

©СДД

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!
 
"Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!", - деп жазды Президент Twitter-парақшасында.

Еске салайық, Өзбекстанда өткен бокс кешінде Қазақстан қоржынына төрт  алтын түсті. 

80 келі салмақ дәрежесінің финалында 22 жастағы Нұрбек Оралбай Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездесіп, төреші шешімімен жеңіске жетті.

Бірінші раундта жеңіс Нұрбек Оралбайға берілді (4:1). Екінші раунд та тартысты өтті, бұл жолыда  қазақстандық тағы да жеңіске жетті (3:2).

2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы 19 жастағы Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін) атанды.

Екінші алтынды 21 жастағы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) алса, 2023 жылғы әлем чемпионатының күмісін 28 жастағы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) иеленді.

Қазақстанға үшінші жеңісті 29 жастағы Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) әкелді, ол өзбекстандық қарсыласымен тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport