Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында жүлде жеңіп алған қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлеуметтік желідегі алғашқы жазбасында Тоқаев бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай мен Махмұт Сабырханның жетістігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, күміс жүлде иеленген Назым Қызайбайды, қола жүлдегерлер Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы құттықтады. Бұдан кейін Мемлекет басшысы басқа да жеңімпаздарға арнайы үндеу жолдады:
"Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеңісті жолын тамаша спортшылар – Алуа Балқыбекова, Аида Әбікенова, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова және Айбек Оралбай жалғастырды.
Қазақ боксшыларының осы әлем біріншілігіндегі өнерін жалпы табысты деп бағалауға болады. Алайда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықты жалғастыру қажет.
Спортшыларымызға алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілеймін!".