Бокс
26 қыркүйек 2021 18:47

Тоғызыншы раундтан кейін Джошуаның көзі көрмей қалған

getty images

Александр Усикпен өткен айқастан кейін Энтони Джошуаның көз ұяшығы зақымдалып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ол көз ұяшығын зақымдап алған болу керек. Себебі Джошуаның айтуынша тоғызыншы раундтан кейін көзі көрмей қалған", - дейді боксшының промоутері Эдди Хирн The Sun басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Усик пен Джошуа арасындағы жекпе-жек толық 12 раунд өтіп, төрешілер шешімі бойынша 116-112, 117-114, 115-113 есебімен украиналық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Енді Усик аса ауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO белбеулерінің иегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport