Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайыновтың (12-0, 9 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшының командасына жақын дереккөздің мәліметінше, Абылайхан рингке биыл шілде айында оралады екен. Қазіргі таңда ол Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Еске салайық, кейінгі рет Құсайынов 2022 жылы желтоқсанда жекпе-жек өткізіп, Алматыдағы бокс кешінде тәжікстандық Бахтовар Сагизовты (0-4) нокаутқа түсірген еді.