Тоғыз нокауты бар жеңілмеген қазақ боксшы титулдарын Қазақстанда қорғайды

Сурет: Suleimen Promotions
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) IBF рейтингінде жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айдос тоғызыншы орыннан бір саты жоғарылап, сегізге жайғасты. Бұл дивизионда IBF чемпионы 28 жастағы америкалық Калеб Плант екенін айта кетейік.

28 жастағы қазақ боксшы келесі жекпе-жегін Атырауда өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Айдос WBO рейтингінің үздік он бестігіндегі боксшымен жұдырықтасады. Қарсыластың есімі әзірге аталмай отыр. Бұл жекпе-жекте Ербосынұлы WBA International, WBC Asia және WBO Global титулдарын қорғайды.
Жаңалықтар