Төбелесіп таяқ жеді. Еуропа чемпионы қаланың қақ ортасында адамдарға оқ атқан

©Александр Федоров, «СЭ»

Бокстан Еуропа чемпионы ресейлік Никита Иванов көшеде адамдарға оқ атқандағы видео желіде тарады, деп хабарлайды Vesti.kz.

37 жастағы Иванов Мәскеу өзенінің жағалауында орналасқан Шлюзова мейрамханасының алдында травматикалық тапаншадан адамдарды ата бастайды, оның салдарынан төрт адам жарақат алған екен. 

Қазіргі таңда боксшы 5 қаңтарға дейін қамауда отыр. Ивановқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Спортшы болған жағдайға байланысты кешірім сұрап, зардап шеккендерге медициналық қызмет ақысын төлеп беруге дайын екенін мәлімдепті. 

Боксшы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар