Ұш тұжырымда бұрынғы әлем чемпионы "Көк машина" лақап атты Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жек 29 жастағы қазақстандық үшін биылға бірінші кездесу болады. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Елеусіновтің командасы боксшы рингке екі ай ішінде шығады деп жоспарлап отыр.
"Нақты күнін алда белгілейміз. Бірақ қараша соңы екенін анық айта аламын. Команда жепке-жекке дайындалу үстінде. Қарсыласты жақсылап зерттедік, ол туралы ақпарат жетерлік. Данияр жаттығып спарринг өткізіп жүр. Бәрі ойдағыдай. Титул бойынша: біз бос тұрған белбеуді таңдап жатырмыз. Бұл салмақта көбі бос емес. Мәселен, ол WBA Asia үшін жұдырықтаса алмайды, өйткені АҚШ-та өнер көрсетіп жүр. Сондықтан осы мәселені ғана шешу керек", - дейді Алиев.