Канаданың Монреаль қаласында IBF тұжырымы бойынша суперорта салмақтағы элиминатор жекпе-жегі өтті. Кубалық Ослеис Иглесиас (15-0, 14 КО) бұл айқаста ресейлік Владимир Шишкинді (16-3, 10 КО) техникалық нокаутипен жеңіп, IBO чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Иглесиас айқастың алғашқы раундтарынан бастап басымдық танытып, белсенді шабуылдап, қарсыласының қорғанысын бұзып отырды.
Шишкин өте енжар көрінді және көп соққы жіберіп алды.
Сегізінші раундта жекпе-жек біржақты соққыға айналды. Осы сәтте төреші айқасты тоқтатып, техникалық нокаутпен кубалық боксшы жеңіске жетті.
?IGLESIAS STOPS SHISHKIN
— Tokkerū (@ATokkers5) September 5, 2025
Osleys Iglesias dominates and stops Vladimir Shishkin, scoring an 8th Round TKO win in Montreal to become the IBF Mandatory Challenger for Super Middleweight King Saul 'Canelo' Alvarez pic.twitter.com/kM9JaTQAlT
Жарнама