Британиялықтар Энтони Какаче (24-1, 9 KO) мен Ли Вуд (28-4, 17 KO) екінші жартылай жеңіл салмақта IBO белбеуі үшін айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Англияның Ноттингем қаласындағы Nottingham Arena-да өткен жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Тоғызыншы раундта Какаче қарсыласын нокдаунға түсіріп, шалқалай құлаған Вуд арқанға ілініп барып тұрып кетті.
Осыдан кейін Какаче шабуылын үдетіп, қарсыласын тықсырыпбастады. Вуд шегінуге мәжбүр болып, тіпті рингті айнала қашты. Осы кезде оның командасы рингке ақ орамал лақтырып, жекпе-жекті тоқтатуды сұрады.
Anthony Cacace DROPS Leigh Wood!!! ??#CacaceWood | Live NOW on DAZN pic.twitter.com/JNrhHYdW0x
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) May 10, 2025
Осылайша, Какаче техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, IBO белбеуін сәтті қорғап қалды.
Жарнама