Титулды жекпе-жек. Қазақ боксшы "Сұмдық" аргентиналықпен айқасты

©instagram.com/meiirim_n/

Қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) Люблинде (Польша) өткен бокс кешінде рингке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Титулды айқаста Мейірім "Сұм" лақап атты аргентиналық Марсело Эстебан Косереспен (31-4-1, 17 КО) бетпе-бет келді. Он раундқа есептелген жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша Нұрсұлтанов жеңіске жетті. 

Бұл кездесуде қазақ боксшыға тиесілі WBO International белбеуі сарапқа салынғанын айта кетейік.

Сонымен қоса, бұл бокс кешінде әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) грузиялық Яго Кизирияны жеңді, ал Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО) ОАР боксшысы Сифосет Мвуланы нокаутқа түсірді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport