Бокс
1 шілде 11:44
 

Титулдарына көз салды! Әлімханұлына мүлде күтпеген қарсылас табылды

  Пікірлер

blog.share

Титулдарына көз салды! Әлімханұлына мүлде күтпеген қарсылас табылды ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джахи Такер (15-1, 6 KO) осы дивизионда IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джахи Такер (15-1, 6 KO) осы дивизионда IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Такердің жеңісі мен мақсаты

21 маусымда Джахи Такер отандасы Лоренцо Симпсонды (15-3, 9 KO) төрешілердің ортақ шешімімен жеңіп, енді чемпиондық белбеуге таласуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол қазіргі таңда тікелей титулға үміткерлер қатарында болмаса да, бұл бағытта сенімді қадам жасап келе жатқанын атап өтті.


The Ring журналы не дейді?

The Ring журналының пікірінше, орта салмақтағы үш чемпионның ішінде Жәнібек Әлімханұлымен кездесу ұйымдастыру анағұрлым оңай, себебі екі боксшы да бір промоутерлік компания - Top Rank компаниясмен келісімшарт бар.

WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) немесе WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жектерді ұйымдастыру әлдеқайда күрделі әрі уақытты қажет ететінін айтылды. 

Айта кетейік, биыл Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атақтарын бір рет қорғап үлгерді. 5 сәуір күні ол франциялық Ануаэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутпен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!