auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Титулдарын қорғады, кейін тергеуге шақырды. Қанат Ислам жемқорлық дауына қалай ілікті?

Басқа боксшылардан да жауап алынды.

Титулдарын қорғады, кейін тергеуге шақырды. Қанат Ислам жемқорлық дауына қалай ілікті?
Сурет: instagram.com/islamkanatqaza

2017 жылы 9 қыркүйекте орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам EXPO-2017 көрмесі аясында рингке шыққан еді. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде ол канадалық Брэндон Кукқа қарсы жекпе-жекте WBA Inter-Continental және WBO NABO титулдарын қорғап қалды. Бұл күні Жаңқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов, Айдос Ербосынұлы және Нұрсұлтан Жаңабаев та өнер көрсеткен болатын. 

Енді бірнеше жыл өткен соң аталған қазақстандық боксшылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қозғаған іске қатысты болып қалды. Оқиғаның мән-жайы Vesti.kz материалында. 

Оқиға EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында өткен бокс кешін ұйымдастыруға бөлінген қаржыны жымқыру мен шашуға қатысты болып отыр. 

Аталған спорт шарасын ұйымдастырушы, әрі бастамашысы Қанат Ислам негізін салған Qazaq promotions компаниясы еді. Ал негізгі демеушілердің бірі "Самрұқ Қазынаға" қатысты "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" болды. 

Тексеріс барысында жемқорқыққа қарсы қызмет мән-жайды анықтау үшін боксшылардың бәрін куәгер ретінде шақыртып, гонорарларына қатысты сұрау алған. 

Qazaq promotions компаниясының бұрынғы директоры Қайрат Жайлаубаев бізге қордың Қанат Исламның промоутерлік компаниясына қанша қаржы бөлгенін айтып берді. 

Жайлаубаевтың сөзінше, қор бөлген ақша боксшылардың ұшып келуі мен жүріп-тұруына ғана жеткен. Ұйымдастырушылар ол кезде уәде етілген соманы өз уақытында толықтай алмаған. Сол кезде көмекке қазақстандық бизнесмен келген екен. Ал енді осынша уақыт өте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы спорт шарасына қатысты тексеріс бастады. 

"Қанат Ислам екеуміз Qazaq promotions компаниясын 2017 жылы құрдық. Алдымызға нақты мақсат пен міндеттер қойдық. Командамызбен отандық кәсіпқой боксты дамыту үшін осы міндеттерді іске асырмақ едік. EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында халықаралық үлкен бокс шоуын ұйымдастыруды ұсындық, боксшыларымыздың деңгейін көрсету үшін. 

Мемлекет есебінен ақша тауып, қандай да бір қаржылық махинация жасау ойымызда болған жоқ. Бокс кеші жоғары деңгейде өтіп, EXPO-2017 шеңберінде басты оқиғалардың бірі болды. Арена лық толды, жекпе-жектер тартысты өтті, халыққа спорт мерекесін сыйладық. 

"Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" турнирді ұйымдастыру, тіпті боксшылардың гонорарларын төлеп беруге уәде еткен. Басында 73 миллион бөлді, мен бұл ақшаны боксшылардың қажетіне жұмсадым. Боксшылардың ұшып келуі, 30 адамның жүріп-тұру мен тамақтануы, барлық боксшылар мен олардың командалары. 

Барлық билет сатылып болғанда, жекпе-жекке екі күн қалған болатын, қор өкілдері 73 миллионнан артық бере алмайтынын айтты. Былайша айтқанда, уәде берді, бірақ, орындамады.

Қалған қаржыны бізге Бауыржан Оспанов бөлді де, жағдайды түзеді. Боксшылар мен өзгелерге қанша бергенін білмеймін, алайда, басқа шығындарды өз мойнына алды. Қанат Ислам сол жекпе-жегі үшін ештеңе алмағанын білемін. 

2017 жылы қорға ресми хат жолдағанбыз. Осы хат негізінде 2018 жылы қор кейбір заттарды қалған көмек ретінде берді. 

Осыдан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қорға қатысты тексеріс бастады, боксшылардың бәрін және мені куәгер ретінде шақырды. Осының бәрі олардың күдігін тудырса керек. Біз сұрадық, олар берді, ештеңе ұрлаған жоқпыз. Құжаттарда бір қате кеткені анықталды, қазір тексеріс жүріп жатыр", - дейді Жайлаубаев. 

Қызық дерек. АҚШ-та өткен кейінгі жекпе-жегіне Қанат Ислам (28-0, 22 KO) рингке Turan promotions футболкасында шығып, промоутерлік компанияны ресми таныстырды. Qazaq promotions атауын өзгерткені түсінікті болды. 

Промоутерлік компанияның әлеуметтік желідегі барлық парақшаларының аты өзгерді. Осыған дейін Qazaq promotions  президенті Мұратбек Дархан еді, ол әлі де Қанат Исламмен бірге жұмыс істейді. 

Ресми емес мәлімет бойынша, EXPO-2017 аясында рингке шыққан боксшылардың бәрі былтыр тағы куәлік берген екен. 2020 жылдың 2 қазанында Агенттіктің баспасөз қызметі "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорының" бас директорына қатысты ірі көлемде ақша жымқыру бойынша іс сотқа жөнелтілгенін мәлімдеді.  

Бұл оқиғалар өзара қаншалықты байланысты, қанша ақша жымқырылғаны, бұл іске Қанат Исламның Qazaq promotions компаниясын қатыстырып отыр ма, жоқ па белгісіз. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар