"Титулдар жеңіп аламын". Мейвезер мәлімдеме жасады

Сурет: AllFight.Ru
Бокстан бес салмақта бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер қазір де рингке мықты екенін көрсете алатынын, дегенмен, оралуға ниетті еместігін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ринге шығып, жаңа титулдарды жеңе алатынымды сеземін. Тамаша шоу ұйымдастыра аламын, алайда, қазір басқа боксшлардың жарқырайтын сәті.

Мен әлі спорттамын. 24 жыл спортта едім және 20 жыл бойы чемпион болдым. Енді басқа боксшылар өздерін мықтылығын көрсеткенін қалаймын", - деп береді Мейвезердің сөзін sports.ru.

Айта кетейік, Флойд Мейвезер кейінгі жекпе-жегін 2017 жылы тамызда өткізіп, екі салмақта UFC чемпионы болған Конор МакГрегорды 10 раундта нокаутқа түсірген еді. 
Жаңалықтар