Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бір айқастан кейін толыққанды чемпионы атағына таласа алады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде 21 мамырдағы Зак Паркермен айқастан кейін он күн ішінде қай дивизионда қалатынын туралы шешім шығару керек. Егер ол орта дивизионға оралса, онда Әлімханұлы - Дигнум кездесуінің жеңімпазы оған міндетті қарслас атанып, чемпионамен 180 күн ішінде жекпе-жек өткізу міндет.
Егер Андраде Паркерден жеңіліп қалса, орта салмақта WBO белбеуі бос қалады. Онда Әлімханұлы - Дигнум айқасының жеңімпазы толыққанды чемпион атағына дейін көтеріледі", - делінген WBO мәлімдемесінде.