Бірінінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (6-0, 4 KO) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
24 жастағы қазақстандықтың қарсыласы польшалық Матеуш Павловски (3-4, 2 KO) болады.
Германияда өтетін жекпе-жек алты раундқа есептелген.
Бұған дейін 2024 жылыдң 2 қарашасында Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткен бокс кешінде "Жас Головкин" атанып кеткен Темиров никарагуалық Робин Саморды (21-35, 10 КО) жеңіп, WBF European титулын иеленген еді.
BoxRec мәліметінше, қазақстандық боксшының Павловскимен айқасы 25 сәуір Куакенбрюк қаласында өтеді.
Еске салайық, Темировтің лақап аты "Қасапшы", бірақ, Германияның бокс жанкүйерлері мен сарапшылары оны кәсіпқой карьерасын осы елде бастаған атақты Геннадий Головкинге теңеп жүр.
Жарнама