Титиул үшін жұдырықтасады. Данияр Елусіновтің келесі жекпе-жегі белгіленді

© Fightnews.info
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегі 17 сәуір АҚШ-тың Оксон Хилл қаласына белгіленді. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 28 жастағы Олимпиада чемпионы бірінші титулды жекпе-жегін өткізуі мүмкін. 

Жекпе-жектің мән-жайын Vesti.kz тілшісіне менеджер Зия Алиев айтып берді.

"Он раундты жекпе-жек болады. IBF, WBA, WBO немесе WBC ұйымдарының аймақтық белбеуі ойнатылатын шығар. Әзірге қарсылас жоқ. Бірнеше боксшымен келіссөз жүргізіп жатырмыз - жекпе-жек күні мен уақыты белгіленгенін күттік", - дейді Алиев. 

Елеусінов кейінгі рет рингке былтыр желтоқсанда шығып, америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген. 
Жаңалықтар