1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:40
 

Тимур Нұрсейітов Қазақстан қоржынына тағы бір жүлдені салды

  Пікірлер

blog.share

Тимур Нұрсейітов Қазақстан қоржынына тағы бір жүлдені салды ©СДД

Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam Elite–2026 турнирінде кемінде қола жүлдеге жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam Elite–2026 турнирінде кемінде қола жүлдеге жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Нұрсейітов Англия боксшысы Кайл Шоу-Тулленді 4:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осы нәтижесі арқылы ол жарыстың кемінде қола жүлдесін Қазақстан қоржынына салып отыр.

Бұған дейін ерлер арасындағы жарыста тағы бір қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан (55 кг) да жартылай финалға өтіп, қолаға кепілді түрде жеткен еді. Ал Бексұлтан Боранбек (55 кг) пен Серік Теміржанов (60 кг) өз кездесулерінде жеңіліп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!