Тимур Құлыбаевтың орнына Қазақстан бокс федерациясына жаңа төраға келді
Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясын басқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін бұл қызметте Тимур Құлыбаев атқарды. Ол мүдделер қайшылығы болмас үшін қызметінен кетуді ұйғарды. Сондай-ақ, Құлыбаев отандық су спорты түрлері федерациясы басшылығынан кетті.
Тимур Құлыбаевтың орнына федерация басшысы болып Кеңес Рақышев келді, конференция қатысушылары ол үшін бірауыздан дауыс берді.