Қазақстандық боксшы Тимур Қабдешов Софияда (Болгария) өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы - 2026" турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Қабдешов 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ирландиялық Пэтси Джойспен қолғап түйістірді.
Бірінші раунд қазақстандықтың пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Екінші үш минуттықта Қабдешов тіпті сенімді өнер көрсетіп, 5:0 есебімен басым түсті. Қорытынды раундта да төрешілер бірауыздан (5:0) оның айқын басымдығын мойындады.
Осылайша, Тимур Қабдешов турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды, ал Джойс жарысты аяқтады.
Айта кетейік, "Странджа кубогы - 2026" турниріне Қазақстан атынан 39 боксшы (19 ер және 20 әйел) қатысуда. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш спортшы қорғап жатыр. Бұл жарыс Еуропанының ең көне бокс турнирі саналады және маңызына байланысты кіші әлем чемпионаты аталып кеткен.