The Ring журналы жылдың үздік жекпе-жегін анықтады

31 желтоқсан 2021 06:48
©Championat

Бокс әлеміне әйгілі The Ring журналы 2021 жылдың үздік жекпе-жегін анықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Журналдың берген бағасы бойынша WBC тұжырымында әлемнің экс-чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер мен ұлыбританиялық 33 жастағы жеңіліс көрмеген Тайсон Фьюри арасындағы айқас биылғы жылдың ең үздік жекпе-жегі болып анықталды.

Фьюри мен Уайлдер арасындағы кездесу 10 қазан күні Лас-Вегастың "Ти-Мобайл" аренасында өтті.

Еске салайық, Тұманды Альбионнан келген алып боксшы 11-раундта Деонтейді нокаутқа түсірген еді.

Тайсон Фьюри кәсіпқой карьреасында 33 айқастың тек біреуінде тең түсіп, қалған жекпе-жектерінің бәрінде жеңіске жетті. Уайлдер болса 45 айқастың 41 нокаутпен аяқтаған. Бір рет тең түсіп, екі мәрте жеңілістің кермек дәмін татып көрді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар