The Ring Головкиннің жекпе-жегін "жыл оқиғасы" атағына ұсынды

©Matchroom Boxing

The Ring атты беделді бокс журналы 2022 жылдың қорытындысы бойынша "Жылдың үздік оқиғасы" атағына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz

Тізімге төрт жекпе-жек енген, екеуі қазақстандық чемпион Геннадий Головкинге қатысты болып отыр.

Басылым GGG-дің жапондық Риото Муратамен және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегін жоғары бағалаған. Біріншісі сәуірде өтіп, тоғызыншы раундта қазақстандық нокаутпен жеңіске жетті. Ал мексикалықпен трилогияда төрешілер шешімімен Головкин жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport