Thailand Open турнирінде екі қазақ кездесетін болды

©ҚБФ

Санатәлі Төлтаев Thailand Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

63 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз ширек финалда қытайлық Тайпейден келген Чу-Эн Лаймен айқасты. Төрешілердің бір ауыз шешімімен Төлтаев жеңіске жетті. Жекпе-жек барысында Чу-Эн Лай нокдаунға түсті.

Еске салайық, Санатәлі Төлтаев спорттық мансабында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған. Енді Санатәлі жартылай финалда тағы бір қазақстандық Сұлтан Мусинмен айқасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар