Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде кезекті ширек финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан атынан бірінші болып рингке Бекзат Таңатар шықты. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үндістандық Джуг Ноомен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, Таңатар турнирдің жартылай финалына өтті және кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.
51 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева 2024 жылғы Париж Олимпиада чемпионы — Қытайлық Ву Юдан таза жеңілді (0:5). Үшінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға түсіп қалды.
Thailand Open-2025 турнирі 1 маусымда аяқталады.