Бокс
28 мамыр 2025 16:48
 

Thailand Open: қазақстандық боксшы Олимпиада чемпионымен жүлдеге айқасты

  Пікірлер

blog.share

Thailand Open: қазақстандық боксшы Олимпиада чемпионымен жүлдеге айқасты ©ҚФБ

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде кезекті ширек финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде кезекті ширек финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан атынан бірінші болып рингке Бекзат Таңатар шықты. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үндістандық Джуг Ноомен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша, Таңатар турнирдің жартылай финалына өтті және кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.

51 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева 2024 жылғы Париж Олимпиада чемпионы — Қытайлық Ву Юдан таза жеңілді (0:5). Үшінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға түсіп қалды.

Thailand Open-2025 турнирі 1 маусымда аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!