"Тезірек...". Қазақ нокаутшыға шыңға көтерілу жолы айтылды
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақ боксшы Батыр Жүкембаевқа (18-1, 14 КО) рингке оралу керек. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com сайтының редакторы Джек МакКаферри осындай пікір білдірді.

"Соңғы айқасында Жүкембаевқа үлкен зиян келді. Бұл жағдай оның аяқ алысын тежеді. Әлбетте, мұндай жекпе-жектен кейін өзіңе келу үшін уақыт қажет. Ол өте талантты боксшы және екінші мүмкіндікке лайық. Сол бір кездесуден бері жарты жыл өтті. Қазақстандық боксшыны уақыт қысып тұр. Тезірек жаттығуға кірісіп, рингке оралу керек. Биыл бастап, келесі жылы екі-үшеу өткізген жөн. Ол бокс шыңына тағы жақындай алады. Бастысы - шет қалмай, ілгері жүру қажет", - дейді МакКаферри.
Батыр кейінгі рет 30 мамыр Лос-Анджелесте пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасты. Төртінші раундта Жүкембаев нокдаунға түсті, ал сегізіншіден кейін қазақ боксшының командасы айқасты жалғастырудан бас тартты. Бұл Батырдың карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.
Жарнама