Бокс
25 тамыз 2022 08:41
 

"Тесіп тастаймын". Әлем чемпионы Усикті жеңуге бір апта жаттығу жететінін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Тесіп тастаймын". Әлем чемпионы Усикті жеңуге бір апта жаттығу жететінін айтты ©Коллаж "Чемпионат"

Ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри WBA Super, IBF және WBO титулына ие украиналық Александр Усикті қиыналмай жеңетініне сенімді.

blog.share

Ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри WBA Super, IBF және WBO титулына ие украиналық Александр Усикті қиыналмай жеңетініне сенімді.

"Маған Усик қызық емес. Анау аты әзер айтылатын, ісініп алған орта салмақтағы боксшы ма? Ол Джошуаны - ортаңқол бодибилдерді екі рет сабағанына мен кінәлі емеспін ғой. 

Мен ғана бармын. Олар менімен бәсекелескісі келеді де, жеңіле береді. Джошуаға құрметсіздік емес, бірақ, олар элиталық деңгейге шамасы келмей жүр. Усикті бір апта жаттығып-ақ жеңемін. Жұдырығыммен тесіп тастаймын", - деп береді Фьюридің сөзін talkSPORT.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!