48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Теміртас Жүсіпов 1/8 финалда жергілікті Омер Аметовичтен 4:1 есебімен басым түсті.
Бұл Жүсіповтың Сербия астанасындағы алғашқы жекпе-жегі болды. Келесі айналымда жеңіске жеткен жағдайда ол жүлдегер атанады.