Қазақстан құрамасының боксшысы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз 1/8 финалда жергілікті Омер Аметовичтен 4:1 есебімен басым түсті.
Бұл Жүсіповтың Сербия астанасындағы алғашқы жекпе-жегі болды. Келесі айналымда жеңіске жеткен жағдайда ол жүлдегер атанады.
Еске салайық, Белградтағы әлем чемпионаты қазан 25 қазанда басталып, 6 қарашаға дейін жалғасады.