Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Темірбас Жүсіпов Белргад (Сербия) қаласында өткен әлем чемпионатының финалдық кездесуі туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
48 келіге дейінгі салмақтың финалдық кездесуінде отандасымыз Тайланд елінің боксшысы Вуттучай Юрачаймен кездесіп, қарсыласын таза жеңді.
- Әлем чемпионы болу - менің арманым еді. Міне, карьерамды аяқтайтын тұсымда осы арманыма қол жеткіздім. Осылайша, өзімнің алдыма қойған мақсатты орындадым, - деді Жүсіпов.
- Бұл қарсыласыңызбен бұған дейін кездескенсіз бе?
- Жоқ. Бірінші рет кездестім.
- Қарсыласыңыз ыңғайсыз боксшы екен. Осы туралы айтсаңыз.
- Иә, қарсылас ыңғайсыз болды. Бойы менен қысқа. Екінші нөмірмен ойнап, айламды асырдым.